Сымайылұлы Намазбай молда (шежіредегі орны)1908 жылыбұрынғы Шымкент облысы, Шәуілдір ауданында дүниеге келген,1997 жылы дүниеден 89 жасында қайтқан. Кедей шаруа отбасында туып өскен. Әкесінен 7 жасында, шешесінен 13 жасында айырылып, жетімдіктің тауқыметін жастайынан тартып, еңбектің арасында ерте есейген.
Ташкенттегі діни медреседе білім алған. Дүниеден өткенше ауызынан Алласы, қолынан құраны түспеген. Облыс тұрғындары былай қойғанда, ол кісіге шипа іздеп Қазақстанның барлық түкпірлерінен келетін.

 

Барақ жетімдер Сымайыл ұлы Намазбай молданың қолжазбасынан
Жетімдерден Шүйліш хикаясы

    Сол заманда Отырар шаһары ойран болып, елі қалмай Қарашық шахарының маңында барлық ел жоқ болып, қалмақ шаба-шаба жұрты тозып кеткендігі ең ақырғы ханы Төребек Али хан хан болып ұлы болмай жалғыз қаза Сұқсұрханымды Атамтөре деген төреге беріп, қыз жүкті болған кезінде төре ханға жамандық ойлаған соң, біліп қойып Амантөрені өлтіріп, төре халқы бөрі бауыр, бұл бей опа деп, сол заманның әмірінің үлкені болғаны үшін және де атақты ата баласы деп Сұқсұрқанымды Көтеншіге берді. Сол уақытта Бегалы хан өліп кетіп орны талауға түсіп төрелерден бақ қайтып, Сауранды пана қылған. Сауранда Жалмамбет заманы болып «Кәллә мұнара»1 қыламын деп, Төреге қара бол деп қастан тиіп тұрғанда, Сұқсырханым Көтеншінің әйелі ұл туып, Көтенші өз балам деп атын Досымқұл қойып, Төре атағын шығармады. Ол заманда Қара болып бас қосып қай жерде Төре болса өлтіріп жүргенде, қариялар айтқан екен. Мұндай қылмаңдар, қасас қырық жылға дейін кетпейді,арттарың жаман болар депті ол заманда. Ол заманнан елу-алпыс жылдан соң Төрелерден Барақ хан заманы болып Ташкентте байтанхат қылып, өлген Төрелердің қасас қаны үшін Сауранды ойран қылып өз қылғанын өзіне қылып жаман күндерді туғызып қолға түскендерін өлтіріп Сауран шаһарының елі тозып, бірнешесі жаны үшін жалғаннан қожамын деп шеткі жұрттардан келдім деп, бірнешесі оқымысты демкерде болып, қарақұрт арбағанда қосып оқығаны екен:
Қой келді, қозы келді, дегеніңнің өзі келді.
Ит тиді, Төре бұзды жұртымды,
Деген қарияның сөзі келді – деген сөздері бар.
    Досымқұлдан Айысқара туып, бұл екеуі де заманы келіссіз болып, Төреміз дей алмай шаруа кісілер болып өтті. Айысқарадан Шүйліш батыр туып, бұл заманда жаңадан Төрелерге дәурен айналып, келе-келе Абдолла хан заманы болып бен Ескендір хан заманы болып, бен Жәнібек хан заманы болып, Бұхарадан аттанып келіп Түркістан шахарын алып, Күйікасар деген жерден Хашат (
жұмысшылардың уақытша тұрағы) орнатып Хазірет Сұлтан қыстағын салып және де қайыр үшін жолаушыларға жолдарда үш жүз алпыс Сардаба (су ішетін орын) бінә қылып Шүйліш батыр өзі затын хандарға мәлім қылып, тарихи хижраның 1000-шы жылында хандарға танымал кісілерден болып, Абдолла хан заманында Қазақ ішінде Шүйліш батырдан абыройлы, озық кісі болмаған. Ол заманда Төрелер ақсүйекпіз деп қараға қыз бермейді екен. Шүйліш батыр төрелігі болған соң Төрелерден қыз алып Досалы, 

Есалыны туған. Бұлар өсіп Досалының тоғыз батыр ұлы болды. Есалыда ұл болмай бұл тоғыз Есалының малына зорлық қыла берген соң Есалы түркімен ішіне ауып кетіп сонда әйелі бір ұл туып, атын Түркіменәлі қойған. Есалы түркімен ішінде өліп кетіп Түркіменәлі ержеткен соң елін табамын деп келіп одан Байдалы, Тақат туған еді. 

 

Сары жетімдер хикаясы

    Енді Шүйліш батырдың Бұхарада тұрған амалдар қожа досы бар еді,өзі бек еді.Ол қожаның мирасқоры жоқ себебінен мен өлсем мирасым болсын, тірі болсам татулықта болайық, сен-мен серіктесіп жүрейік дейді. Шүйлішке ол заманда алыс жұрттан келген кісілер туғанындайекен.Яғни ата-баладайболар еді. Ол қожа досы өлген соң батыр барып мүлкін алып, және де төре ақ сүйек қожа қызы әйелін алып қанша күн Бұхарада жатып еді. Бір уақыттарда әйел жүкті болып, қайтарында қыз тусаң өзіңе тапсырдым. Ұл тусаң босаға тамғам бар, босаға тамғалы қоңыратпын, Сырға барыпШүйліш батыр деп іздеп барар деп тамға салып кеткен еді. Ол әйел күндердің күнінде уақыты жетіп ұл туды, атасы алдында жоқ себептен күмәндігі үшін сартша шорлы шоркүлік деп шақырар еді. Сол атпен кейіннен қазақша Соркеке деп атанып кетеді. Ол бала ер жеткен соң менің атам кім болады деп жөн жосығын сораса да, балам іздеп кетеме деп айтпай жүргенде анасы өліп бұл Шоркүлік жалғыз қалып, айрықша зеректігінен босаға тамғаға түсінген еді.
    Базар шығып жүріп Құлшығаш Жортпас байға кез болып, атындағы босаға тамғаны көріп жылай берді. Жортпас бай мұны көріп сен бала неге жылайсың деп жөнін сұрап еді, бала жөн-жосығын айтып еді, Жортпас сол Шүйліш мен боламын деп, әкең мен деп, баланы еліне алып кетеді. Келген соң бұл баланы қайдан алдың дегендерге жасырып қоймаған соң Кебекші байдың Керқасқа атын бәйгеге қосып едім, бәйгеге келді деп, баланың атын Жетіммалай қойып қой баққызып қойды. Бұл Жетіммалай өте зерек еді. Мұның баласы емес екенмін дейді. Жортпастың пейліне құп түсіп жүрді. 
    Әкемді қайдан табам деп жүргенде бір күні Шүйліш батыр бүркітін қолына алып шығып еді, бүркіті тілеп ұшты. Қөз ұшында көрінген бір қора жайылған қойға қарай ұшты. Келіп қой баққан баланың қасында бір қойды басып қалады. Бұл бала ақырын келіп оны жануарым деп ажыратып тұрғанда, атына қамшы басып Шүйліш батырда жетеді. Келіп атынан түсіп баланың жөн-жосығын сұрапты. Бұл бала жағдайын айтты. Жортпастың баласымын дейді. Балам шыныңды айт Жортпастың сендей баласы жоқ. мен білемін дейді. Баланың көзі жасаурап Қоңырат Шүйліш батырдың баласымын дейді. Осы бай әкең мен деп қой баққызып қойды дейді. Шүйліш батыр шыдай алмай баласын құшақтай алады. Шырағым әкең мен, батыр Шүйліш деп, бала әкесін тауып, Шүйліш тал түсте атынамінгізіп баласын алып кетеді. Байдың қойын қасқыр қырып кетіпті. Жортпасбай қойының дауын сұрап Шүйліш баласының арын сұрап, қанша уақыт жанжал болып қазақ ханы Есімханға айтысып екеуі сынатады. Есімхан хандығын қылып байға – сенің қойың құнсыз болсын, батырға - сенің арың сұраусыз болсын деп төрелік қылып, жиырма сарпай батырға, жиырма сарпай байға жауып ағайын қылып жарастырған екен. Сол уәжден Жетіммалай Намына батырдың үш әйелінің баласы жетімдер атанған. Соркекеден Жанжігіт, Сары, Саббас, Құба, Жәдік деген төрт бала болды. Сарының бәйбішесінен Ырсымбет, Маямыр деген екі бала болды. Сұлудың кіші қатынынан Баймұхаммед, Өтеп, Есенқұл. Бұл үш бала сұлу болды. Енді Жәдіктен Құлмұхаммед одан Таздар туып Таздар деген ел болды. Мырзахметтен Қарақозы, Уазар, Құтым, Малай туып Тебей деген ел болды. Енді Жанжігіттің баласы Сарының намына Соркеке баласының барлығы Сары жетімдер атанған еді.

 

 Маметек хикаясы

    Шүйліш батырдың Берді деген інісі өліп одан қалған бала Бекберді малай болды. Тәңірбердінің әйелін Шүйліш батыр алып одан Мәметек туылды. Мәметектен төрт бала туылды Сафар, Соқыр, Қасым, Жайма. Жайма өліп іште қалған бала Төлен атанды. Жайманың әйелін Сафар өз жолымен үлкен баласы Қатағанға қосты. Соқыр, Қосым өкпелеп бөлек кеткен еді. Жайма өліп әйелін Қатаған алған соң туған бала Тайлақ – Төлен атанған. Тайлақтан Әзене одан Қылыш, одан Тайқара.Сафардан төрт бала Қатаған, Абылай, Кейқуат, Киқабад. Себетай Қатаған намын Абылай баласы Қатаған ататқан.
Кейқуат заманында өте атақты кісі болып, бір жорықта ыңыршақ жеп қойғанын көріп, «Баракалла даңқыңа,үлім берсін сиқыңа»деген екен. Сафар заманында атақты кісі болып Шүйліш батырдың Төре қызы әйелінен туылған балалары, Мәметек балалары,Тәңірберді балалары, Сафар намын атанып, Сары, Сафар ру болған. Руыңа Сафар болдым, ұраныңа Кейқуат болдым деген сөзді ауырлап Есалы, Айтуардан болып Сары жетімдерлер Барқы «Барақ» ұран болып бұрын барлық жетімдерлер ұраны Кейқуат еді. Кейін Барқы «Барақ» болған.
Барқы атамыздың үш әйелі болған бәибішесінен Төлеген, ортаншы әйелінен Атығай, Киік,Тастанбек,Бердіқұл,кіші әйелінен Телқожа,Тас,Серәлі.
Төлегеннің ортаншы әйелінен Үсенбай датқа болған кісі.Қоқан хандығының тұсында.
Барқының баласы Атығайдан Битабар,Телқожа батыр болған. 
Битабардан Байзақ датқа қоңыраттың белгілі датқалары болған. 
Байзақ датқаның тоғыз әйелі болған. Олардан көп балалы болған. Оның бірі Керімбек әжі көп жылдар бойы болыс болып атағы шыққан. Елге әйгілі Байзақ датқаның баласы шын аты Мұсабек ақын молда Мұса.
Атығайдың баласы Телқожа батыр болған. Барқы жетімдерден шыққан. Жауға шапқанда ұраны Барқы,Барақ болған. 
Қараның төрт баласы өздерін Барқы,Барақ,Тайсоймас,Қойсоймас деп атап кеткен. Қойсоймастан ұрпақ тарамаған.


Жайма хикаясы

    Жаймадан Толан. Толанның бәйбішесінен Ырысқұл. Кіші әйелінен Қажықожа, Өтеміс.Өтемістен үш бала Сәбден, Ерден, Хақнасыр. Қажықожаның бәйбішесінен Оразкелді, Мырзакелді. Оразкелдінің кіші әйелінен Байтелі. Бұл Оразкелді ерекше бай кісі болып сол заманның ханына үш тоғыз жорға тарту қылып Егізқара, Талдысуды алған екен. Сол уақытта бай үлкен тастан қалатқан ғажайып құдығы бар еді. Жылқы үйездеп,қарнауымен шыққан «ақша» деген бұлағы бар еді. Бұрын көміліп қалған бұлақ екен. «Сабаыстаған» деген өзен бар екен.
Байдың «Жалдыторы» атанған айғыры үйірімен жоғалып, күдер үзгенде 
Бөке деген немересі тапқан. Бұлағы «Бөкентатпы» атанған екен. Егізқара, Талдысу бұрын Жағалбайлы халқының егін егетін жері екен, Тұрдықұл бұлағының басында ұралары бар екен. Қазақылықпен байдың жері біздіңкі болды деп, азығы да біздікі болды деп талап ішкен екен. Жағалбайлы екі жүз ұра дағуа қылған екен. Бес ата Жаманбайдан екі кісі жанға ұсталып бірі байдың інісі Бақылы би, бірі Алтықазан мырза жанға шығып жетпіс ұраға бітім болды. Онан соңжауыңды жауластық, дауыңды жандастық деп батырдан сауға деп жақындығымыздың нышаны деп бітісті. Шығынымызды бер деп Талдысуды алған екен, үстіне Бекберді малай әулеті Жанқылы бай арқадан келіп, ерулік деп абзал орнынан берген екен. 
    Отырған Оразкелдіге жаққан, 
    Қаңғырған Жанқылыға жаққан,
    Оразкелдімен оттас болсаң,
Күліңді ақ төбедей үйерсің. – деген сөз бар. Осы байдан қалған сөз:
Айтайын басқаны қоралап қойын, өгізді қосын, бірлі жалғыз атты сарт байынан пұл алдым деген.Бай үш тоғыз қара мал, Хазрет Сұлтан күмбезінде ақ сарайда Абылай хан қарсы қойылған көктас бар. Үлкен тарихы бар Алла рахмет етсін. Оразкелді өлген соң атшабар қылмаққа Қөқұлы, Көтенші мәсләхатында Аспантай шамасыз қылмақшы болғанда Жауқашты Беласар би билік қылып үлкейте берме өзіңнен соңғыларға сор боларсың деп тоқтау айтқанда Аспантай көнбей, атағымызға қарай, дәулетімізге жарай, бұл айтқаным да аз деп ерегісіп, ұрыс болып Аспантайды Беласар ұрып өлтіріп жіберіп, жиын кеңес өліммен тарқаған еді. Жанбайдың жетілігінен Аспантайға құн болмай арада құн дауын болдыра алмай жақын ағайыны Жаманбаймен араздас себепті, байға ат шаптырып ас бере алмай жүргенде, Аспантайдың үлкен баласы Көккөз Алтықазан мырзаның қызына өлең айтқанда қыздың айтқан өлеңі екен. 
Аспантайдың алты ұлы ағаң Көккөз,
Жаманбайдан жыртылды жағаң Көккөз. 
Әкең құнсыз, атаусыз анаң жатыр, 
Той жиын жараспайды саған Көккөз.деген сөзді ауырлап қапаланып қара сойып, халық жиып, кеңес қылып. Сары жетімдерден Қараның баласы Барақ мырза, Байтелі Қоқандағы ханға тарту алып барып жиынға рұқсат алып, Түркістан ұлығын басынақойып өткізуге жарлық келтіріп, ұлық әскерімен басында тұрып, бір есікті Түркістан салдаты ұстап, Жаманбайдың тілі тентегін тоқтатып өткізген екен. Сол жиыннан соң бес ата Сары, Сафар шығынға екі есе болып, ұлық арқылы құн даулап Аспантайдың құнын алған екен. Бұрын ол бес атадан өлсе құн болмайды екен. Содан Байтелі, Барақ атанып Аспантайға ас бергенде Жаманбайдан құн алғанына масаттанып аста жырлап шақыртқан екен.
Аспантайдың асы бар,
Алпыс қойдың басы бар.
Жеріңді жеп таусылмас,
Үйді-үйіңе тасып ал.
Он бес бие сойылар,
Пақыр міскін тойынар.
Бір табаққа ретті,
Піскен қазы қойылар.
Аспантайдың қабірі,
Қойылған Қойлық атада.
Тарихы үлкен көк тас бар,
1201 жылында.
Шаһит мазлұм Аспантай,
Қажықожа баласы деп,
Ойылған тасқа намы бар.
Рахметі болсын Алланың,
Аспантайдың алты ұлы,
Әлібай мен Толыбай,
Аташ, Боташ, Дауылбай,
Әумин де Әлібай,
Қолыңды жай Толыбай.    
Ешкіні елде көр,
Қойды үш күншілік жерде көр,
Түйе саған сірада бітпес,
Жылқы енеңді де нетпес.Алла білуші.


Соқыр хикаясы

Соқырдан Жетқұл туылды. Жетқұлдың бәйбішесінен Аллаберді, Тоқалынан Ханкөжек. Соқыр заманында хафиз (Құран жаттаған адам) атанған жақсы кісі болып, түркіменнің бір хафизімен дос болып атасып, сол түркіменнің Қарашаш деген қызы бар еді. Үш немересінің біріне сол қызды ал десе алмайды. Достың түбін қыз айырады дегенді. Қыз көріксіз еді сондықтан екі немересі алмай кіші немересі Ханкөжекке сен ал деді. Балам саған алғыс беремін деп, алдырған екен. Одан Аллаберді, Сафы, Тастемір туылды. Тастемірдің бәйбішесінен Күнкәт, кіші әйелі Аққорғандық қожа қызынан Төлепбек, одан Байшора, Жортбас, Жабан, Жобан Төлепбектің төрт сарты атанған. Байшора шайыр кісі еді. Отбасында отырып айтқан өлеңі екен.
Есекеңнің сәлдесі кір алмайды,
Қожа бақыл талтаңдап жүре алмайды.
Датқа атамның құдығын қалап кеткен,
Жауқашты мен Ноғайға сөзім өктем.
Ашулансам Талдысу өзімдікі,
Ханға тарту үш тоғыз жорғам өткен.