Масанұлы Қабылбек (шежіредегі орны) – 1911 жылы Шәуілдірде, сырдың бойында Оқсыз деген жерде дүниеге келді. Ол Масанның үлкен баласы. Жас кезінде молдада оқып, арапша хат таныды. Қазан революциясынан кейін мектепте рабфакта Түркістан Шымкент қалаларында білімін жалғастырады, біраз жыл Шымкенттің өндіріс орынында қызмет атқараумен қатар орысша білімін жетілдіреді. Рабфактың шешімімен Қабылбек САГУ-дің (Ташкенттегі, Среднеазиатский государственный университет) геохимия факультетіне түсіп, үш жыл сонда оқиды. Өкінішке орай, ата-анасының көпбалалы болғандықтан және де олардың жағдайы нашарлығына байланысты әкесі Қабылбекті оқудан шығып, елге оралуын сұрайды. Сол жылдары Сырдың бойында ақжол деген минералды өндірістік геологиялық экспедицияға химик болып қызмет атқарады, экспедиция басқармасында (Түркістанда) еңбек етеді. Экспедиция жабылғанан кейін ол кісі Шәуілдір ауданының ауылшаруашылығында қызмет істейді. Сонымен қатар, Талапты, Отырар және т.б. колхоздарда бас бухгалтер қызметін атқарады. Соғыс басталып, 1941-1946 жж. басынан соңына дейін минометтің наводчигі болды. Соғыс қарсанындағы ерліктері үшін орден-медалдармен марапталды. Әскерде коммунисттік партия мүшелігіне өтеді. 
Ол, 1946 жылдың көктемінде аман-есен елге оралып, Отырар және Сталинабад т.б. колхоздарының бас бухгалтері қызметін 1949 жылға дейін атқарады. 1949 жылдан бастап Қабылбек мемлекеттік банкте кредиттік инспектор банкі бастығы болып Шәуілдір, Фрунзе, Шаян аудандарында қызмет атқарады (1949-1961 жж.). Ауылшаруашылығының облыс көлемінде реформамаларына байланысты ол «30-жылдықтар» деген үлкен компанияға ілігіп, ауданның басшы қызметкерлерін колхоздарға басқарма бастықтарына тағайндауына байланысты, Фрунзе ауданының Куйбышеватындағы колхозға басқарма қызметін (1955-1956 ж.) атқарып, Алматының учетно-кредитный техникумын ойдағыдай бітіргенен кейін Шаян ауданынан банкісіне ауысады. 
Масанұлы Қабылбек 1962-1970 жылдары облыс көлемінде жаңа ауылшаруашылық басқарамалары ашылғансын Қабылбек Шәуілдір, Түркістан, Созақ аудандарында қарды бөлімін басқарады. 
Жалпы, Масанұлы Қабылбек – облыс көлемінде белгілі, банк және қаржы салалсында қызметкер болды, ОҚО айылшаруашылығының өркендеуіне аянбай еңбек етті. Ол 1970 жылы жасына байланысты зейнекерлікке шығып,1984 жылы дүниеден өтті. Масанұлы Қабылбек – төрт ұл және екі қыздың әкесі болды. 
Олар: Серікқұл (дәрігер), Жайлау (ғылым саласында академик), Жұмакүл (ЖОО саласында ұстаз), Қалдыкүл (кәспкерлік саласында), Дінәсіл (инженер-электрик), Сүндет (инжинер-механик) барлығыда жоғары білім алған.