Барқының бәйбішесінен Төлеген, ортаншы әйелінен Атығай, Киік, Тастанбек, Бердіқұл, кіші әйелінен Телқожа, Тас, Серәлі. Қара баба «аталық» амал алыпты, ал Барқы батыр жетімдерге ұран болыпты. Жауға шапқанда «Барқылап» шабады екен.

Телқожа батыр қоқан хандығы тұсында орыстарға қарсы қол бастаған. Бұл кісілер туралы Майлықожа ақын өзінің «Қараның өтті хандары» деген толғауында:

...Барқы аталық баласы,

Атығай батыр, Төлеген,

Үсенбайдың бетіне,

Қарсы боп ешкім келмеген, -

дейді.

Төлегеннің бәйбішесінен Бәймен, Құлет, ортаншы әйелінен Үсенбай, кіші әйелінен Өтебай, Өтемәлі. Төлегеннің қызы Ханбике Түркістан бегі Бегілербекке тұрмысқа шыққан.

Бәйменнен Қашаған, одан Берікқазақ, одан Мөкі, Нұрыш. Нұрыштан Шәріпжан, одан Мұрат пен Марат. Құлеттен Төребек, одан Бейсенбек, одан Ахмет. Ахметтің ұлы Құдайберген соғыстан оралмаған.

Үсенбай датқа шамамен 1800 жылы туып, 1885 жылы дүние салған. Қоқан хандығының тұсында датқалық қызмет атқарыпты. Түркістанның Шоқтас деген жеріне малы сыймай Қара, Беген ата ұрпақтарын Созақ өңірінің Қарақұр өзеніне қоныстандырған осы кісі екен. Датқалық мөрі ұрпағында, көшірмесі Ахмет Яссауи кесенесі жанындағы музейде сақтаулы. Онда «Үсенбай датқа тайшығы 221» деген жазу бар. Кесенесі Созақтың Ағалық деген жерінде. Үсенбайдан Айболат, Күнболат, Жанболат, Шынболат (бірінші әйелден), екінші әйелден Өтепберген, үшінші әйелден Тілепбай, төртіншісінен Бекболат, Көкім, Салықбай туған. Айболат балалары – Есенқұл, Шегір, Омар, Аманқұл, Рүстембек, Шынболат қайтыс болып жесірін алады, одан Арыстан, Аңламас, Сәтбек. Есенқұлдан Жақсымбет, Бектау, Қалыш, Айтбек. Жақсымбеттен Ескермес. Ескерместен Елжас, Елдос, Айдос, Жандос. Елжастан Нұртас, Олжас. Айтбектен Раңбек, Мақсат, Манарбек, Әнуарбек, Саябек. Раңбектен Сәтбек, Дәуірберген. Мақсаттан Ғарышбек, Ғалым, Рамазан. Әнуарбектен Қайырбек, Талшын, Манарбек. Сәтбектен Тәкі.


Рүстембектен Бегімжан, Бижігіт. Бегімжаннан Бейбіт, Ортай. Ортайдан Ержігіт, Нұртай, Нұрбек, Нұржігіт, Нұрбол, Нұрқанат. Ержігіттен Ерқанат, Талғат. Нұртайдан Нұргелді. Нұрбектен Жангелді.

Арыстаннан Шайдазім, Шайхыстан. Шайдазімнен Әуезхан, Тоқбай. Әуезханнан Қалтөре, Серік, Талғат, Бағдат. Қалтөреден Анарбек, Алмас, Еркебұлан. Серіктен Нұрсұлтан. Талғаттан Асхат, Ұлықбек. Бағдаттан Асқар. Тоқбайдан Байтөре, Битөре, Жантөре. 


Шынболаттан Арыстан, Аңламас, Сәтбек, Тұяқбек. Аңламастан Ділән, одан Тәттіғали, одан Нұржан, Біржан. Тұяқбектен Майлыбай, Үмбет, Сейдін, Шаймерден. Майлыбайдан Кенесары, Тоқтыбай, Сырым. Кенесарыдан Жаңабай, Тайбасар, Базарбай, Дәулетжан. Жаңабайдан Әріпжан, Мұхтар, Нұрлан, Ерлан, Ержан. Әріпжаннан Нұржан. Мұхтардан Мадияр. Нұрланнан Ғалым. Тайбасардан Бейсен, Мақсат, Мұрат, Нұрхат, Қайрат, Самат. Бейсеннен Нұрсұлтан, Руслан, Ерғанат. Базарбайдан Арман, Алмас. Дәулетжаннан Бақытжан, Асылхан, Азат, Азамат. Тоқтыбайдан Рақымжан, Әлімжан. Рақымжаннан Асқар, Айдар. Әлімжаннан Данияр, Нұрхан. Сейдіннен Айтжан, Қайтарбек. Айтжаннан Бекайдар. Бекайдардан Қайыржан, Қуаныш, Сәбит. Қайыржаннан Ержан. Қуаныштан Ақайдар. Шаймерденнен Әліайдар. Әліайдардан Әуелбек, Қабылбек, Сәрсенбек, Бақытбек. Әуелбектен Саян, Бағдәулет. Қабылбектен Балахмет, Шаяхмет. Сәрсенбектен Нұрахмет. Бақытбектен Бексұлтан, Дінмұхаммед.


Омардан Қасымқұл, одан Байжігіт, Бижігіт, Жеңіс. Байжігіт пен Бижігіт соғыстан оралмаған. Жеңістен Бижігіт, Елнар, Жақсылық. Бижігіттен Байжігіт. Өтепбергеннен Мұратбек, одан Игілік, Игілсін. Игіліктен Самалық, Амандық. Амандықтан Әлжаппар, Сейітжаппар, Бекбатыр, Айбатыр, Түзелбек. Сейітжаппардан Еркебұлан, Жасұлан, Әбдіислам. Тілепбайдан Байжан, одан Кенбай. Кенбайдан Ерлан, Ерман.

Бекболат би балалары Сейітбек, Әлімбек, Жақыпбек, Баба, Иса, Шора, Мұса. Бұл кісіге әкесі Үсенбай датқа билігін берген екен. Мемлекеттік архивте «Түркістан генерал-губернаторлығы марапаттаған адамдардың тізімі» деген тарауда: - «Бекболат Үсенбаев Сары болысының болыснайды. Станислав лентасындағы кіші күміс медаль, 1885 ж. 29 қараша, куәлік номері 8419» деп жазылыпты.


Бекболат бидің баласы Әлімбектен Қалдарбек, Қанат, Шәді, Алданазар, Мұстафа. Қалдарбектен Мейрам, Хасен, Қадыр, Аман туған. Мейрамнан Құралбек, Оралбек, Мінайым. Құралбектен Серік. Оралбектен Әлибаба, Қалибаба. Қадырдан Әбен туған. Әбеннен Әзиз, Ғалым, Абзал. Аманнан Әлен, Мәсен, Сәкен. Әленнен Дидар, Ғазиз. Мәсеннен Азамат. Алданазардан Ешентай, одан Талғат, Бауыржан, Қазыбек. Талғаттан Нұрбек, Қуаныш, Нұрсұлтан, Ержігіт. Бауыржаннан Азамат, Мақсат. 


Жақыпбектен Ыбырайым, Әмір, Шайхстан, Ерден, Жәнәбіл, Сартай. Ыбырайымнан Тортай, одан Зорұғлы, Аманғазы. Әмірден Бәни, Сәли туған. Бәниден Қалдан, Әби, Уәли, Сейілбек, Орынбасар, Кенжебек. Әбиден Нұрлан, Мәди. Уәлиден Саян. Сейілбектен Заңғар, Зерек. Кенжебектен Асхат. Сәлиден Қали, Қалжігіт, Нұржігіт, Ержігіт, Марат, Мұрат. Қалидан Құлмұхамед, Нұрмұхамед туған. Нұржігіттен Нұрхат. Жәнәбілден Төрұғлы, одан Бақытжан, Бауыржан, Асқар. Сартайдан Әбен, одан Бауыржан. 


Бабадан Момын, одан Тұтқабай, Қоңырбай, Қыдырбай, Күркебай, Нұсқабай туған. Қыдырбайдан Түймебай. Күркебайдан Нағашбек, Серікбай, Дәулет, Несіпбай. Нұсқабайдан Әбдірахман, Мәді. Мәдіден Сағи, Ринат. Шорадан Қазанғап, Мақаш, Әлі. Мақаштан Абай, Алғыс, Талай, Нышан. Әліден Бақытжан, Нұрлан, Әліби. Мұсадан Әділхан, Жанай, Ағай. Жанайдан Бақыт. Ағайдан Серік, Еркін, Берік.


Исадан Мәмеш, Жәлел, Біләл, Әбдінәби, Қыздарбек, Шәріп, Ноғайбай. Жәлелден Мұхамедияр, Жұмабай. Мұхамедиярдан Бақыт, Ғалымжан. Бақыттан Руслан, Азамат. Ғалымжаннан Данияр. Русланнан Нұржан, Ержан. Жұмабайдан Сүлеймен, Серік, Берік. Сүлейменнен Олжас, Жолдас, Ерлан, Сұлтан. Серіктен Мұхамед, Мұхтар туған. Қыздарбектен Әкім, одан Дәулет, Жандос, Бектас, Алмас. 


Көкімнен Жұмаділда, Жүсіпбек, Жәнібек, Әлсейіт, Сейдуәлі, Мүсірәлі, Есіркеп, Нақыпбек, Әбіш, Изатулла, Тілеулі, Ақмолда, Атабай. Жүсіпбектен Сақ, Нарзулла, Батырбек, (Батырбек отызыншы жылдары Созақ аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы болып тұрып, «көтеріліске қатысы бар» деген жаламен үштіктің үкімі бойынша атылған.) Қасымбек. Сақтан Жандарбек, Колхоз, Жәнібек туған. Жандарбектен Жеңіс, Мырза, Бекмырза, Бимырза. Жеңістен Қайрат, Талғат. Бекмырзадан Қанат.

Колхоздан Әлімхан, Нұрдәулет, Байдәулет. Әлімханнан Байырхан, Батырхан, Нұрлыхан, Шыңғысхан. Нұрдәулеттен Ердәулет, Есімхан. Байдәулеттен Төлеби. Жәнібектен Ергешбек, одан Әлмахан.

Сейдуәліден Оспан, Махамбет, Әбілда. Махамбеттен Әшім, одан Балтабай, Серік. Балтабайдан Данияр, Әнуар. Серіктен Дінислам, Ілияс. Әбілдадан Зейілхан, Мәдіхан, Аман туған. Зейілханнан Марат, Жұман, Бақыт. Жұманнан Ұлан, Мақсат. Бақыттан Шадияр. Аманнан Данияр, Темір.


Салықбай балалары Нұрман, Сырман, Біртай, Пірман, Нарымбет. Нұрман Созақ өңіріндегі алты болыстың бірі болған. 1930 жылы Созақ көтерілісінің жаласымен ұсталып кеткен. Бұл кісіден Баһрам, Ұзайыр, Жалғас. Ұзайырдан Қожагелді, Серік. Қожагелдіден Берік, Ерік, Нұрбол. Беріктен Жасұлан, Марғұлан. Серіктен Нұрбақыт. Жалғастан Амангелді, Сәбит. Амангелдіден Арафат, Бағдат. Бағдаттан Жүрсін. Сәбиттен Ғабит, Әбдіманап, Ерлан туған. Арафаттан Ерасыл, Нұрасыл. Ғабиттен Ернар, Ернұр, Ибрахым.


Төлегеннің баласы Өтемәліден Амантай, Добай, Мырзабек, Мырзагелді. Ағасы Өтебай қайтыс болып, 12 жасында жеңгесін қосады, одан Қалымбет, Тілепбайдың шешесін алып, Қабылды, Табылды туған. Амантайдан Мейірман, Сақ, Бейсенбі, Дүйсенбі, Жақсыбай, Бекманбет. Мейірманнан Райс, Жеңербек. Жеңербектен Бауыржан, Ғалымжан, Нариман. Бауыржаннан Әлан, Дияс. Ғалымжаннан Нұрислам. Жақсыбайдан Мырзайым.

Мырзабектен Беркінбек. Мырзагелдіден Әділ, Қасымбек, Тәліп. Қасымбектен Қошқар. Қабылдыдан Тәжібек. Бейсенбіден Мәрайым. Дүйсенбіден Мінайым. 


Қалымбеттен Болатбек, Ақынбек, Асылбек, Ақылбек, Мақұлбек. Болатбектен Әріпжан. Ол соғыстан қайтпаған. Асылбектен Жақсылық, Тұрғанбек, Қошқар. Қошқардан Әшім, Байділда. Байділдадан Қанат, Самат, Ерзат. Қанаттан Бекзат, Нұрзат. Ақынбектен Тілеуберген, одан Жайдар. Ақылбектен Жорабек, Әжібек, Қолқаш, Нұртай. Әжібектен Берік, Мәдіқожа, Ақан. Беріктен Бақытжан, Серік. Мәдіқожадан Дәулет, Әңкәр, Әділет. Ақаннан Мұқағали, Санжар. Мақұлбектен Әден, Ырымбек туған. Ырымбектен Анархан, Мұратхан, Дархан, Әділхан. Мұратханнан Жанболат, Нұрболат, Нұрсұлтан. Әділханнан Нұрдәулет, Құрбанәлі.


Барқының баласы Тастан Сәтбек, одан Әжіғабыл, Әлі, Әлімжан, Қалжан. Әжіғабылдан Әжіхан, Әділхан. Әжіханнан Әзірет. Әділханнан Самат, Талғат, Бекзат, Пернехан. Әліден Андас, Әділбек. Андастан Қайрат, Талғат. Әділбектен Елнар.

Тастың баласы Бекжан, одан Сыздық, одан Жарас, Абылай. Жарастан Нұрлан, Біржан, Мейіржан, Нұржан, Ерлан. Нұрланнан Мағжан. Біржаннан Дархан, Досхан. Мейіржаннан Әлібек, Жәнібек. Абылайдан Болат, Марат.