Кейін жетімдердің әр атасының бас болып қалған Бөгенбай, Ырсымбет, Майемер сияқты батыр ұлдарды дүниеге әкелген Сары бабамыздың бәйбішесі – өзі батыр, от тілді, дуалы ауызды, адуынды ірі адам болған дейді. Сары бабамыз елде жоқта ауылда қалған бас көтерер ер-азаматтармен бірге батыр ұлдарын жанына ертіп, еркекше киініп, қару-жарақ асынып, атқа мініп ауылдың малына көз салған ұры-қарылардан малдарын қорғап қалады екен. Осыған әбден сеніп алған Сары бабамыз, алаңсыз бойында сегіз қаруы түгел жаужүрек, мықты жүз шақты жігітті қасына ертіп алып саяткерлікпен, оған қоса Қытай асып, сонау Бағдатқа, Иранға дейін барып зат алмасып, тауар алып, оны қазақ, өзбек жеріне әкеліп сауда-саттықпен айналысқан.

Сондай бір сапардың бірінде, Сары бабамыз жолай орта жүздің ішіндегі найман руының бір ауылына келіп түседі. Ауылдың шетіне шатырларын тігіп, жүз түйеге артылған әшекей-бұйым заттарын түсіріп, күндіз сауданы қыздырып, кешкісін елді ән-жырға қарық қылған кілең сайыпқыран жігіттерден құралған Сары керуені – Найман ауылын әп-сәтте-ақ, той думанға бөлеп жібереді. Осылай үш-төрт күн өткенде Сары бабамыздың көзі найман руы байының сұлу қызына түсіп, ғашық болып қалады. Жас қыздың алдында өзінің елуден асқан жасын кемтікк санап, найманның сұлу, әрі ақылды жас қызына тікелей сөз салуға бата алмай, әшейінде әр ауылға бір-екі күннен артық аялдамайтын Сары керуені – әдеттен тыс, осылайша найман ауылын қимай, айға жақын жатыңқырап қалады.

«Ел құлағы - елу» дегендей, Сарының өз қыздарына ойы кеткендігін біліп алған ауыл адамдары, енді Сарыға батылдау келіп, оның адамдарынан ақшаға сатып алатын заттарын сұлу қыздың атын атап, қарызға алуға көшеді. Табиғатынан палуан, ірі, сом денелі Сары бабамыз - сұлу қыздың көркіне елтіген күйі, жалғыз өзіне күнде бір қойды қазанға астырып жеп, сұлудың көркін алыстан бір көргеніне мәз болып, жомарттығынан таймай мата, әшекей-бұйым заттарын найман ауылы адамдарына қарызға үлестіріп беріп жата береді.

Сарының жеке басын және оның нөкерлерін күнде қонақ қылып күтуден шаршап, әбден титықтаған, әрі өздері қарызға белшесінен батқан найман ауылы мен оның сұлу қызы, енді Сарыдан оңай құтылудың жолын іздей бастайды. Сондай бір күндердің бірінде, жазғы шілденің аптап ыстығына шыдай алмай шөлдеп келген Сұлу қыздың бәсіре ақ тайлағы – су ішемін деп құдыққа құлап түседі. Бас көтерер азаматтары малға, шаруаға кеткен найман ауылының шал-кемпір, қыз-келіншектері мен ауылда қалған екі-үш азаматтары барлығы жабылып, құдыққа құлап түсіс, үйелеп қалған тайлақты шығара алмай шілденің тапай-тал түсінде әре-сәре болады да қалады. Сонда, Сарыдан құтылудың жолын іздеп таба алмай жүрген сұлу қыз да, ауыл адамдары да және қыздың әкесі – найман байы да бірлесіп ақылдаса келе, Сарыны бір жағынан сынамаққа, бір жағынан оны ұятқа қалдырып, сағын сындырып, сөйтіп одан оңай құтылуды көздеп, найманның сұлу қызының атынан:

- Сары сен аламан десе, менің құдыққа түсіп кеткен ақ тайлағымды ешкімнің көмегінсіз жалғыз өзі шығарып берсін, - деп сөз салып, ауыл шетіндегі Сарының шатырына адам жібереді.

Шатырдың етегін найман ауылына қарай желкемдеп түріп тастап, ауылдан көз алмай жағдайдың бәрін жіті бақылап жатқан Сары, бірденнен келісіп, келген адамға құдықтың жанынан екі қазық қағып, тайлақтың екі шабынан екі арқан, екі қолтығынан екі арқан жіберіп, арқанның ұшын сыртқа шығарып тастап, құдықтың маңында адам баласы болмауын тапсырады. Наймандар осы айтқандарын орындағасын, өзіне өзі сенімді Сары, маң-маң басып құдықтың басына келіп, арқанның алдыңғы екі жұп ұшын қоса қолымен шіреп тартып, қазыққа бір орап, өкшесіне басып, осылай кезек-кезек арқанды шіреп тартып, қазыққа бір орап, өкшесіне тағы басып, осылай кезек-кезек арқанды бес-алты тартқанда түйе құдықтың ернеуіне келеді. Содан соң, арқанның үстіңгі төрт жалаң ұшын қос-қостан екі қолымен ұстап, шірей тартып, тайлақты құдықтың жиегіне аударып салғанда, орасан күш пен ауыр салмақ түскен Сарының аяғындағы ирандық қызыл былғары етіктің өкшесі жерге үш елі кіріп, алапат күштің әсерінен бұлт-бұлт ойнақтаған палуанның балтыр бұлшық еттерінің қысымына шыдас бермеген етік қонышы қақ айырылыпты да құдықтан сыртқа қайбақтай аунаған түйе есін жияр-жимастан найман ауылына қарай тапыраңдап алып шаба жөнеліпті дейді.

Осының бәрін көз жетер жерден бастары қылтиып-қылтиып тығылып көріп, алып күш иесіне таң қалып, бастарын шайқай, таң-тамаша болған найман ауылы адамдары кешкісін Сарыны нөкерлерімен қонақ қылады. «Уәде – Құдайдың бір аты», амалы құрыған найман байы енді Сарыдан оның қалыңдығы болған өзінің сұлу қызын келесі жылы көктем шыға, елдің жайлауға көшіп келіп отырар жері – Ұлытаудың бауырынан алып кетуін, оған дейін қызының жасауын дайындап қоюға мұрсат беруін өтініп сұрайды. Нақтылы жерді, уақытты белгілесіп, сұлудың келісімін, елдің батасын алған Сары – қыздың қалың малын төлеп, нөкерлерімен елге тартып кетеді.

Келесі жылы Сары нөкерлерімен айтулы жерге келіп, қайын жұртта екі-үш күн қонақ болып, дүркірете тойлап, қалыңдығын бүкіл жасауымен Ұлытау жерінен бірінші, жеңге-құрбыларымен қалыңдығы «Сұлудың» көшін жіберіп, соңынан жолдас-жораларымен өзі еріп, сол кездегі Сүйіліш батырдан тараған жетімдер елінің мекені – Сары, Сапардың тұрағы Қаратау бауырына қарай алып кетеді.

«Сары бәйбішесінің үстінен әйел алатын болыпты», «Қалың малын төлеп қойыпты» деген бір жыл бойғы ел аузындағы сөздерді құлағы естісе де, Сарының алдына өмірінде қарсы келіп көрмеген, ерін пайғамбардай сыйлайтын ақылды, инабатты бәйбіше де сыр білдірмей, қабақ шытпай, көптің сөзін жүре тыңдаса, пайымды жарының қас қабағына қарай отырып, жасырын жасап алған Сары да бәйбішесінің көңілін қимаған күйі бұл туралы өзі бастап, екеу ара тіс жарып сөз қылмаған екен. Енді алыстан «сүйіншілеп» шабарман келіп жатқан соң, қызғаныштан ашуға булыққан бәйбіше «келе жатқан немені жарып өлтірейін» - деп, қолына найзасын алып, атқа қонып, көштің алдынан қарсы шығады. Ашулы бәйбіше Мыңжылқыдан асып қалған «Сұлудың» көшін өңмеңдей келіп тоқтатқанда,жас келін күймешектен өзі шығып, бәйбішеге иіліп сәлем қылады. Қойнындағы қимас жалғыз жарына ортақтасып, өзіне өмірлік күндес болып келе жатқан жас тоқалдан мұндай көрегенділік, әдептілікті мүлдем күтпеген бәйбіше аптыққан күйі, бір орнында бір сәт қалшиып тұрып қалып: «Түрі қандай неме екен өзі», - деп, қолындағы найзасының ұшымен жас келіннің басынан төгілте жапқан ақ орамалдың шетін көтеріп, келіншектің қордың қызындай аппақ нұрлы жүзін көргенде: «Т-ү-у-х, бет біткеннің ажарлысы екен ғой! Неткен сұлу өзі?! Тфә-тфә, тіл-көзім. Бәсе!!! Сары-екем, менің үстімнен кімді алайын деп жүр екен десем», - деп, көңілі тола. «...Сұлудың отауын менің отауыммен қатар орналастыра тігіңдер», - деп жан-жағындағы адамдарға тапсырма беріп, тойдың қамымен өзі айналысып кетіпті.

Дуалы ауыздан шыққан сөз ел арасында тез тарап, әке-шешесі азан шақырып қойған найман қызының аты ұмыт қалып, «Сұлу» атанып кетеді. Ынтымағы мен бірлігі жарасып, бір-біріне бір «шәй» деспеген Сарының екі әйелі оның шаңырағына мәңгілік құт-береке әкеліп, құрсақ көтеріп туған ұлдары өсіп-өніп, әрқайсысы жетімдер руының ішіндегі бір-бір атаға айналады. Сарының ақылына көркі сай Сұлу әйелі – бәйбішесіне ханымдай сыйлап, оның ұл-қыздарын туған анасымен бірдей бауырына тартып, Сарыға ақыл-кеңесші, ел-жұртқа қамқорын аямаған киелі аға болған деседі. Соның құрметіне, ананы «Жерге», «Отанға» теңейтін қазақ – Сарының «Сұлу әйелінен» туған Есенқұл, Бәйімбет және ең кенжесі Өтептен тараған ұрпақты ел арасында «Сұлу жетімдер» атап кетеді. Көнекөз қариялар күні бүгінге дейін осы үш атадан тараған ұрпақты көрсе, ескіше «Е-е сұлу анамыздың ұрпағы екенсіңдер ғой» деп жатады.

Жанжігіттің палуан атанған үлкен ұлы Сарының кіші әйелі Сұлу шешемізден Бейімбет, Өтеп, Есенқұл, Тұңғат туды. Бейімбеттен Райымберді, Келес. Райымбердіден Бүрлібай туған, одан Еламан.


Еламаннан Байдәулет, Жақсыбай, Мәмбет. Байдәулеттен Төлеш, Кеңес, Асанхан, Үсен. Төлештен Әлмахан, Жарылқасын. Әлмаханнан Шерманап, Мырзахан, Сабырхан. Шерманаптан Қайрат. Мырзаханнан Айдос, Жандос. Сабырханнан Нұрболат, Нұрлыхан. Жарылқасыннан Серікхан, Берікхан, Мамырхан. Серіктен Ерхан, Өмірхан, Еркін. Берікханнан қыздар тараған. Кеңестен Ерманап, одан Амангелді, Иманберді, Есенгелді. Амангелдіден Нұрбол, Ербол, Бақытжан. Иманбердіден Берік. Есенгелдіден Рысдәулет, Ерқанат. Рысдәулеттен Рауан, Ұлан. Нұрболдан Нұртас, Дияс. Бақытжаннан Алихан. Асанханнан Өмірзақ. Үсеннен Тасыбек, одан Мұрат, Жомарт, Жанболат, Қанат, Ерболат. Мұраттан Мақсат, Асхат. Мақсаттан Алихан, Арсен. Жомарттан Нұрболат, Рахат. Қанаттан Болат. Жанболаттан Мерей, Сағи, Ғани, Саммитастана, Рамазан. Ерболаттан Алмат. Еламанның баласы Жақсыбайдан Ділдәбай, одан Оңласын, одан Ержан, Нұрлан, Асқар.  


Бәйімбеттің екінші баласы Келестің үш әйелі болды. Бірінші әйелінен Қанай, Жанай, екінші әйелінен Қожамсейіт, Жұбан, үшінші әйелінен Ақжігіт, Жарасбай, Бекіл, Бимен, Жолдыбай. Қанайдың баласы Жантық, Жамантік. Жантықтың бәйбішесінен Медет, Топай, Шайгөз. Топайдан Бекмырза, Аралбай. Бекмырзадан Шылмырза, Тасыбай, Тілеуберген, Құлмырза, Кенжебай. Бұларды бес сары деп атайды. Тасыбайдан тұқым жоқ. Тілеубергеннің екі әйелі болды. Біріншісінен Ержанбай, одан Асабай. Екіншісінен Мырзабай, одан Маханбет, одан Әріпжан, Керімжан. Құлмырзадан тұқым жоқ. Ал Кенжебайдан Наушабай, одан Молдахан. Топай өліп, әйелін Аралбай алады, одан Баймырза, одан Ізбас, Мұқас, Байжан. Әріпжаннан Бақытжан


Байжаннан Рысқұл, Арзықұл. Рысқұлдан Омар, Оңғар. Омардан Әтірбек, Қайрат. Әтірбектен Мұрат, одан Айдар. Қайраттан Алмас, Алмат. Оңғардан Жанат, Марат, Қанат, Дәулет, Талғат. Жанаттан Айдос, Елдос. Мараттан Жанды, Досжан. Қанаттан Дияс. Дәулеттен Нұрас, Ықылас. Арзықұлдан Мәдуәлі, одан Мұхтар, Нұрлан, Қалжан, Ержан. Мұхтардан Арман, Абзал. Нұрланнан Қыдырбай, Мейіржан, Рамазан. Қалжаннан Азамат, Әділет. Ержаннан Әлішер, Асхат. 


Қанайдың баласы Жантықтың кіші әйелінен Шайгөз. Шайгөздің бәйбішесінен Тоқпанбет, Бекпенбет, Әйтпенбет, Оразымбет, Дәуімбет. Тоқпанбеттің бірінші әйелінен Қалымбет, Тәлімбет, Тауасар, Көшербай, кіші әйелінен Сұлтанбек. Қалымбеттен Көзбай. Тәлімбеттен Жүнісқұл, одан Әлімбек. 


Көшербайдан Жұмағұл, Сахай. Жұмағұлдан Әлмеш. Сахайдан Әлімхан, Сейілхан, Шәріпхан. Тауасардан Сапарбай. Әлімбектен Мейрамбек, Оразбек, Бақтыбек, Алашбек, Дүйсенбек, Жұмахан. Мейрамбектен Нұрғали, одан Еркебұлан, Асхат. Оразбектен Ерғали. Бақтыбектен Айғали, Жанғали. Жұмаханнан Мейірбек, Құрманбек, Ерболат. Әлмештен Жүрсінбай, Тұрсынбай, Болысбай, Оралбай. Жүрсінбайдан Нұрдәулет. Тұрсынбайдан Нұржан, Досжан, Бекжан. Оралбайдан Біржан, Әлібек. Әлімханнан Әділхан, Кемерхан, Рашит, Азамат. Әділханнан Бауыржан, Рахымжан, Ғалымжан. Бауыржаннан Елнұр. Рашиттен Абзал, Нұрдәулет, Бақдәулет. Сейілханнан Ережеп, Оразбай, Темірхан. Шәріпханнан Нұрғали, Асқар, Әлішер. Кемерханнан Азамат.


Сұлтанбектен Тастанбек, одан Әнуарбек, Сәрдарбек, Камалбек. Әнуарбектен Әділбек, Кәдірбек. Әділбектен Бағлан, Бағдат. Кәдірбектен Бағдәулет, Нұрдәулет. Сардарбектен Сабырбек, Мамырбек, Қабылбек, Мұратбек, Сапарбек, Талғат, Кенжебек. Сабырбектен Сапархан, Баймахан, Есімхан. Мамырбектен Қазыбек, Ерболат. Камалбектен Нұржан.


Қанайдың баласы Жамантіктің кіші әйелінен Әшір, одан Өстемір, одан Смайыл, Қосбармақ. Смайылдан Жұмабай, одан Иса, одан Әбсәлім. Қосбармақтан Жүсіпбек, одан Мәулен. Жамантіктің тағы бір баласы Бекмұраттан Жаныс, Қалдыбай, Майшы, Майлыбек, Қисық деген бес бала болды. Жаныстан Сәрсен, Аташ. Қалдыбайдан Сағынбай.