Иса Серік Әбілдаұлы (шежіредегі орны) 1957жылы 1-ші қаңтарда Отырар ауданы Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Шымкент педагогика институтының тарих факультетін бітірді. КСРО ІІМ-нің Қарағанды жоғары мектебін сырттай оқып бітірді. 
1977-1980 жылдарда Шымкент қалалық ІІМ-нде қызмет атқарды.
1980-1983 жылдарда Сайрам аудандық ІІБ-нде қызмет атқарды.
1983-1990 жылдарда Жетісай аудандық ішкі-істер бөлімінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 
1990-1999 жылдар аралығында Отырар аудандық ІІБ-нде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
Қазіргі кезде жеке кәсіпкер. Жұбайы Күләшпен 5-перзент тәрбиелеп отыр. 
Үлкен ұлы Исаев Ғалым 1981 жылы туылған әке жолын қуып Шымкент қалалық ІІБ-нде Жол полиция саласында басшы қызметін атқарады.
Кіші ұлы Исаев Болат 1983 жылы туылған. Отырар АІІБ-нде МАИ бастығы қызметін атқаруда. Екі ұлыныңда білімдері жоғары заңгер.

Авторы: Серікқызы Ақерке